KZ RU

Жыл басынан бері менингококк жұқтырудың 59 жағдайы тіркелді

ELnews.kz - Елімізде 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясын жұқтырудың 59 оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


«Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай. Оның 13-і өліммен аяқталған: Алматы қ. – 6 жағдай, Алматы облысында – 4 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында- 2 жағдай және Қызылорда облысында – 1 жағдай» делінген министрліктің 2018 жылғы 6 маусымдағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарламасында.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес