KZ RU

Қарағандыда пәтерде өрт шығып, 3 бала уланды

Қарағанды облысында тоғыз қабатты үйлердің бірі өртеніп, 13 адам құтқарылды. Олардың жетеуі - балалар. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Оқиға кеше сағат 22.00 шамасында болған. Газдан уланған 3 бала ауруханаға жеткізілген.


«Сағат 22.12-де өрт сөндіру қызметіне Октябрь ауданы №15 ықшам аудандағы тоғыз қабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт үйдің 8-қабатында шыққан, аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 13 адамды құтқарды, жетеуі - балалар. Өрт сағат 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те толықтай сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы үш бала газдан уланып ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған ТЖД хабарламасында.


Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік, 4 ақпанда Астанада өрт кезінде бес бала қаза болды. 



Пайдалы кеңес