KZ RU

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Elnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 31 қазанда кей жерлерде екпінді жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейеді, екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болуы мүмкін.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес