KZ RU

Елімізде маусым айында ең төмен күнкөріс деңгейі 27 850 теңге болды

Қазақстанда 2018 жылғы маусым айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 850 теңгені құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігің Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz. - Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 5,2%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 8,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2%-ды құрады, - деп жазылған хабарламада.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес