KZ RU

Қазақстандықтар уақытты қайда жұмсайды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 5 жылда бір рет өткізілетін «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» біржолғы модульдік зерттеуін жүргізді.

  

Зерттеуге барлығы 32 301 респондент қатыстырылған.


- Зерттеу қорындылары бойынша қазақстандықтардың 53,6% орташа тәуліктік уақыты немесе 12 сағат 50 минуты жеке күтімге, оның ішінде 9 сағат 13 минут - ұйқыға, 2 сағат 4 минут – ас және сусынға, 1 сағат 27 минут - жеке гигиена және өзін-өзі күтуге және т.б., ал 2 сағат 59 минут (12,4%) – жұмысқа, 2 сағат 57 минут (12,3%) - үй шаруашылығын жүргізуге, 52 минут (3,5%) – оқуға, 18 минут (1,2%) – меншікті пайдалану үшін тауарларды өндіруге, ал қалған 4 сағат 4 минут (17,0%) - бос уақытқа келеді, - деп жазылған хабарламада.

  

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдердің де уақытты жұмсау көрсеткіші жеке-жеке қарастырылған.


- 15 және одан жоғары жастағы ер адамдар бір күнде орта есеппен жұмысқа 5 сағат 29 минут уақытын жұмсайды, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 34 минутты құрайды, алайда әйелдер (4 сағат 14 минут) үй шаруашылығын жүргізуге ер адамдарға (1 сағат 28 минут) қарағанда көп уақыт жұмсайды. Ерлерде (4 сағат 6 минут) бос уақыт әйелдерге (2 сағат 45 минут) қарағанда шамамен 2 есеге артық. Жұмыс күні жұмыспен қамтылған ерлер жұмысқа орта есеппен 9 сағат 1 минут жұмсайды, әйелдер – 7 сағат 53 минут, бос уақытқа тиісінше 2 сағат 35 минут және 1 сағат 44 минут қалады, - делінген.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес