KZ RU

Үңгірде қалып қойған 12 баланың 4-уі жер бетіне шығарылды

8 шілдеде үңгірде адасып кеткен тайландтық футболшылардың 4-уі аман-есен құтқарылды. Қазір олар ауруханада, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

Олар екі аптадан бері үңгірде болған. Құтқарылған балалардың арасында 13 жасар Монхкхол Бунпрям, 14 жасар Праджак Сутхам, 14 жасар Наттавут Тхакамсай және 15 жасар Пипат Бодху бар. Пипат Бодху деген бала футбол клубының мүшесі емес. Ол үңгірге қақпашы досымен бірге еріп барған.


23 маусымда 11 мен 16 жас аралығындағы 12 футболшы мен 25 жастағы жаттықтырушы жаттығудан кейін елдің солтүстігінде тау арасында орналасқан паркке қыдырып барған. Олар саябақ арасындағы үңгірді аралап көрмекке кіргенде кіреберісті су басып қалады. Ондаған шақырымға созылатын Кхао Луанг үңгірін жергілікті жерде «лабиринт» деп атайды. Оған кірген адамның адасуы оңай деседі. Бұл жолы нөсер жаңбырдың салдарынан үңгірдің біраз бөлігінің сыртқа шығатын жері жабылып қалған.

 

Құтқару операциясына Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия мен Қытай сарапшыларын қоса алғанда, мыңға тарта адам жұмылдырылған. Ақыры тынымсыз іздестіру жұмыстарынан кейін балалардың үңгірдің бір ыңғайлы жерін паналап отырғаны анықталған болатын.


Еске сала кетсек, осыған дейін құтқарушылар үңгірде қалып қойған 12 баланы шығара алмай жатқаны хабарланған.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес