KZ RU

13 жасар бала Балқаш көліне батып кетті

Кеше Балқаш көліне 2005 жылы туған жасөспірім батып кеткен, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Балқаш көлінің рұқсат етілмеген жерінде суға түскен 2005 жылы туған бала суға батып кеткен. Оның мәйіті табылды. Қазір күн ыстық. Көптеген отбасы көл жағасына демалуға барып, суға түседі. Бірақ, жабдықталмаған  жерлерде суға түсу өте қауіпті. Сақтық шараларын қатаң ұстану керек, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

 

Құтқарушылардың айтуынша, ескертулерге қарамастан суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде демалушылар қатары азаймаған.

 

Суға түскенде сақ болу керек. Белгіленген межедегі шектеуден әрі асуға болмайды. Балаларды да қараусыз қалдырып, суға өз еріктерімен жіберуге болмайды, - дейді ол.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес