KZ RU

Астана күні мерекесінде қатты ыстық болатыны хабарланды


«Қазгидромет» еліміздің бірқатар облысында дауыл соғады және күн қатты ысиды деп хабарлауда. Кей өңірлерде температура 43 градусқа дейін көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Синоптиктер 4-7 шілде күндері аралығында Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе Қарағанды, Ақмола облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болатыны хабарланды.


Атап айтқанда, метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында максималды температура плюс 30-38°С-қа дейін жетеді. Орталық және орталық-шығыстың кей жерлерінде ауа температурасы 40-43°С-қа дейін жоғарылайды.


Ал батыс өңірлерде атмосфералық фронттар жылжып, соларға байланысты кей жерлерде найзағай және өткінші жаңбыр, сондай-ақ күндіз температура 30-36°С-қа дейін көтерілуі ықтимал. Маңғыстау облысында 40-градустық ыстық әлі де сақталады.


Синоптиктер шілденің 6 мен 7 күндері Ақмола облысы мен Астанада да күн қатты ыстық болатынын, температура 35 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес