KZ RU

Қызылордалық балаға Нұрпрезидент деген есім қойылған – БАҚ

Қызылордада ата-анасы балаларына ерекше есім қойды, деп хабарлады ELnews.kz.

   

Аталған бала осы жылғы наурыз айында дүниеге келген. Әлеуметтік желілерде баланың туу туралы куәлігі жарияланған соң бұл ақпарат жұртшылық арасында қызу талқыланды.


Көпшілік «сурет монтаждалған, мұндай есім қойылуы мүмкін емес» десті.


Алайда, tengrinews.kz ақпарат агентігінің хабарлауынша, ерекше есім иеленген баланың бар екенін Қызылорданың азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі растаған көрінеді.


«Иә, Нұрпрезидент есімді баланың бар екені рас. Ол отбасындағы екінші бала. Ата-анасы Қызылорда облысының Шиелі ауданында тұрады. Ата-аналары 26 жаста», - деп мәлімдеген бөлім қызметкерлері.


 

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес