KZ RU

«Абоненттік нөмір бос емес» хабарламасын айтатын қыздың есімі белгілі болды

Қазақстандық ұялы байланыс операторларының бірінде «Абоненттік нөмір бос емес. Кейінірек хабарласыңыз» дейтін белгілі хабарламаны айтқан адам – алматылық блогер, PR-маманы Марина Шарипова екені белгілі болды, деп хабарлайды ELnews.kz.  

Блогердің айтуынша, ол бұл хабарламаны осыдан тоғыз жыл бұрын жазған.


Марина Instagram парақшасында осы әйгілі тіркесті үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқып, жариялағаннан кейін бұл хабарлама жұртшылық арасында кеңінен таралып, қызу талқыланды. Блогер бұл видеоны оқырмандарының көңілін көтеру үшін жариялағанын айтады.


«Жұрт сенбеді, дауыс ұқсамайды, бұл фейк, сен емесің деді. Алайда, телефонға жазылған дыбыстың студияда жазылғаннан айырмашылығы болатынын түсіну керек. Студиядағы дыбыс өңделеді, сондықтан ол аздап өзгереді. Кейбір адамдар «бұл дауысты қалай жек көретінімізді білсеңіз» деп жазды. Осы видеоны жариялағаннан кейін маған алты мың адам жазылды. Тәрізі барлығы осы дауысты тыңдаған соң оның автожауап емес, адам екеніне таңғалған болуы керек. Сондықтан да осыншалықты танымал болып кетті», - дейді ол.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес