KZ RU

София есімді робот әйел Астанадағы форумға келе жатыр (ВИДЕО)

Астанада шілденің 2-3 күндері болатын Жібек Жолы елдері мэрлерінің форумында жиын қонақтары София есімді робот әйелмен танысатын болады, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

Сауд Арабиясының азаматтығын алған София – әлемдегі ең жетілген әрі адамға барынша ұқсас робот.

Өткен жылы адамзат тарихында алғаш рет робот-гуманойд азаматтық алды. Софияға азаматтықты Сауд Арабиясы берді. Өткен жылдың қазан айында робот ресми азаматтық бергені үшін Сауд Арабиясы басшылығына алғысын білдірді.

Софияның кескін-келбеті британдық актриса Одри Хепберіннің образында жасалған.

Жер бетіндегі алғашқы робот-әйелді Дэвид Хансон басқаратын Hanson Robotics компаниясы құрастырып шығарды.  

Бұл робот адамға тән көптеген қимылдарды жасай алатынымен таңғалдырады. Мәселен ол кірпіктерін қағады, мұңаяды, сондай-ақ қуанышын білдіре алады. Жұртшылықпен кәдімгі адамша әңгімелесіп, сұрақтарға жауап береді.

- Менен роботтар күндердің күнінде әлемді билеуі мүмкін бе деп жиі сұрайды. Менің ойымша, олай болуы мүмкін емес. Адамдар мен роботтар келешекте бүгінгіден де ақылдырақ болады да бірге өмір сүретін болады, дейді адамға ұқсас робот София.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес