KZ RU

Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әр балаға домбыра сыйға тартылады

Ақтөбе облысында 1 шілде күні туған әрбір отбасындағы алғашқы балаға домбыра тарту етіледі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.

Домбыра күнінің маңызын арттыру мақсатында өңірде бірқатар іс-шара өтеді. Осы күні Астанадағы «Қазақ Елі» монументінің жанында қазақтың ұлттық аспаптарының мұражайы ашылады, оған Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрі қатысады.


Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады. Тұтастай алғанда, Ұлттық домбыра күніне облыс бойынша 300-дей іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Облыстың барлық елді-мекенінде осы мейрамға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Соның ішінде, Байғанин, Алға, Темір, Қобда, Мұғалжар, Ойыл аудандарында «Домбыра-пати» іс-шарасы өтеді.


Алға ауданында бір уақытта домбырамен жаппай шығармаларды орындау жоспарлануда, Темір ауданында «Алтын домбыра» жас күйшілер байқауы, Мәртөкте – жастардың қатысуымен флеш-моб, домбырашылар байқауы өтеді.


Кітапханалар мен мұражайларда экспозициялық, кітап көрмелері, "Домбыра - асыл мұра", "Үкілі домбыра", "Киелі домбыра" танымдық сағаттары өтеді деп жоспарланған.


Еске сала кетейік, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес