KZ RU

Геннадий Головкин чемпиондық белбеулерін Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлады

Бүгін бокстан орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді Қазақстан Президенті қабылдады, деп хабарлайды ELnews.kz.


Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлем чемпионының кәсіпқой спорттағы жетістіктерін қазақстандықтар мақтаныш тұтатынын атап өтті.

- Отандастарың сенің жекпе-жектеріңді жібермей қарайды. Сен Қазақстанды әлемге паш еттің, өз Отаныңды ешқашан жадыңнан шығармайсың, айтып жүресің. Біз сені мақтаныш тұтамыз. Қыркүйекте сені өте жауапты жекпе-жек күтіп тұр. Барша қазақстандықтар атынан саған осы істе сәттілік тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Г.Головкин Қазақстан Президентіне жеке қолдауы үшін, Қазақстанда спорттың, соның ішінде бокстың дамуына айрықша назар аударып, қолдау көрсетіп отырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, боксшы Н.Назарбаевқа өзінің кәсіпқой бокста жеңіп алған WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдарының белбеуін сыйлады.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес