KZ RU

Алматыда тауға шыққан қыз құздан құлап мерт болды

Алматыда тауға шыққан қыз құздан құлап кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.
27 маусым күні кешке қарай ҚР ІІМ ТЖК жедел-құтқару бөлімшесіне бір жігіт қасындағы танысы таудан құлап кеткені туралы хабарлаған.

- Қыз бен жігіт «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортынан Нұрсұлтан шыңына шықпақшы болған. Олар ешқайдай дайындықсыз жүрген. Арнайы тауға шығатын киімдері, құрал жабдықтары болмаған. Содан кейін хабарлама алған құтқару қызметінің өкілдері жедел түрде Талғар асуына көтерілді. Құтқарушылар «Богданович» мұздығында жігітпен кездесіп, қыздың құлаған жеріне барды. Олар тауға дайындықсыз шыққан, әрі күрделілігі 2Б болатын бағдармен жүрген. Орта жолда қыз Нұрсұлтан шыңының етегіндегі құздан құлап кеткен, - дейді Руслан Иманқұлов.

ҚР ІІМ ТЖК өкілі тауға шығар алдында дайындалып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес