KZ RU

Бүгін бірнеше облыста күн ыстық болады

ELnews.kz. «Қазгидромет» РМК бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек  батыста  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші найзағайлы жаңбыр жауатынын хабарлайды.

Кей жерлерде жел күшейіп,  солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз  жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, кей жерлерде түнде және таңертең  тұман болады.
Ақмола, Маңғыстау  облыстарының  кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысының, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пайдалы кеңес