KZ RU

Танымал қазақ актерінің әйелі кісі қолынан қаза тапты

Тележүргізуші, актер Рахман Омардың бірінші әйелі Гүлдерайым Омарова қаза тапты. Оны Алматыда пәтер жалдаушы әйелдер пышақтап тастаған, деп хабарлайды ELnews.kz.
Бұл туралы отбасының өнердегі жолдасы Қарагөз Сүлейменова instagram парақшасында жазды.

- Жанымыз құлазып, жүрегіміз жылап отыр. Орны толмас қаза. Дүйсенбі күні Гүлдерайым Омаровадан айырылып қалдық. Тапа-тал түсте кісі қолынан қаза тапты. Заманның айуандалғаны соншалық, квартиранттарынан ақша алуға барғанда 30-дың төңірегіндегі екі әйел пышақтап өлтірген. Алла жазаларын берсін. Мінезге бай, көпшіл, тәрбиелі, қазақтың данакөз қыздарының бірі еді. Өте кішіпейіл, аса инабатты, жайдары жүзі көңілімізден кетпейді. Артында арыстай үш ұлы қалды. Тұңғыштарының атын Рахман екеуі Досхан деп қойып еді. Ол бала Чехияда екінші курсты бітірді. Екінші ұлы мектеп бітірді. Кенжесі 8 жаста. Рахман Омар екеуінің бастаған өмір жолдары көз алдымызда өтті. Өмір бойы ерінің абыройын асқақтатып, азаматтарына талмай тәрбие берді. Бүгін жер қойнына тапсырдық. Алланың қалауы болар, ортамыздан мезгілсіз кетті. Артында қалған ұлдарына анасының көрмеген қызығын, жасамаған жасын берсін. Алланың бұйрығына амал жоқ..Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жаны жәнатта болғай. Алды пейіш, арты кеніш болсын. Аллам ұрпақтарына өмір берсін. Мәңгі жүрегімдесің, - деген жазбасында Қарагөз Сүлейменова.

Еске сала кетсек, шымкенттік ер адам ақпан айында қарызын қайтармаған танысы мен оның отбасы мүшелерін өлтірген болатын.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес