KZ RU

Ким Чен Ын Қазақстанға келе ме?

Кешеден бері КХДР төрағасы Ким Чен Ынның Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтерін жекешелендіруге қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тарады. «Astana Finance Days» конференциясының ұйымдастыру комитеті бұлақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.



27 маусым күні «Astana Finance Days» конференциясына «ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің авторы Павел Дуров, ресейлік актриса, әнші Ольга Бузова қатысып, дербес криптовалюталарын таныстыратыны айтылды. Сондай-ақ, шараға КХДР басшысы Ким Чен Ын қатысатыны хабарланған болатын. 

Бірақ, бүгін конференция ұйымдастырушылары бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. 

- 2018 жылы 27-28 маусым аралығында Astana Finance Days халықаралық қаржы конференциясына Павел Дуров, Ольга Бузова қатысуы және КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның мемлекеттік активтерді жекешелендіруде қызығушылығына байланысты ақпарат БАҚ және әлеуметтік медиада таратылды. Astana Finance Days ұйымдастыру комитеті барлық ақпараттың дұрыс емес екендігін ресми түрде мәлімдейді. Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және блогерлардың қауымынан деректерді мұқият тексеруді сұрайды. Astana Finance Days туралы барлық сенімді ақпарат, оның ішінде форумдар мен сессиялар тізімі, қатысушылардың жаңартылған тізімі және бағдарлама, astanafindays.org ресми сайтында орналасқан, - деп жазылған хаарламада.

Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес