KZ RU

Шымкенттік жігіт қарызын қайтармаған танысы мен оның отбасы мүшелерін өлтірді

27 жастағы Шымкент тұрғыны қарызын қайтармаған танысы мен оның отбасы мүшелерін өлтіріп тастаған. Бұл туралы ELnews.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
27 жастағы Олег Власкин мен оның танысы 21 жастағы Александр компьютер ойнап, соңғысы сотталушыға 250 мың теңге қарыз болып қалады.

Ойыннан ұтылған жігіт танысына берешегін қайтармайтынын айтқан. Осыған ашуланып, ақшаны қалай да қайтармақ болған ол ақпанның 8-і күні танысының үйіне барып, есікті ашқан жасөспірімді, сосын үйге келген анасын өлтірген. Үйіне кешірек келген танысын да ауыр затпен ұрып өлтірген. Ол қылмыс жапсағанымен қоймай, үйдегі құнды заттарды да ұрлап кеткен.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы айыпталушының ақыл-есінде психикалық ауытқушылық жоқ екенін, қылмысты қасақана жасағанын растады.

Жігіт компьютерлік ойындарға қатты әуестенген. Тіпті оның анасы да баласынан бас тартып, бірде-бір сот отырысына келмеді.

Соттың шешімі бойынша айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес