KZ RU

Талдықорғанда әскери қызметші демалыс алу үшін «әкесін өлтірген»

Талдықорғанда әскери қызметші жұмыс орнында әкесі қайтыс болғанын айтып, заңсыз демалыс алған, деп хабарлайды ELnews.kz.


Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Талдықорған гарнизонының әскери сотында ҚР ҚҚ-нін 443-бабының 1-бөлігі бойынша (Әскери қызметшiнiң жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тартуы) айыпталған әскери қызметші «А»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сержант «А» әскери қызмет міндеттерін уақытша атқарудан босатылу мақсатында, басшылық құрамға шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген, яғни өзінің әкесі қайтыс болғанын айтып баянат жазған. Осы орайда әкесінің қайтыс болуына байланысты оған 10 тәулікке отбасылық жағдайына байланысты заңсыз демалыс берілген. Алайда, тексеру барысында сержант «А»-ның  әкесі тірі және дені сау екені анықталған. Осылайша сержант әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтарып, қылмыстық теріс қылық жасаған.

Соттың үкімі бойынша сержант «А» ҚР ҚК-нің 443-бабының бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған  50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, яғни 120 250 теңге айыппұл салынды.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес