KZ RU

Бүгін бірнеше облыста күн ыстық болады

«Қазгидромет» РМК бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райы жауын-шашынды болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Мұнда  кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі, дауыл тұрады, бұршақ болуы мүмкін.

Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің кей жерлерінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес