Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Elnews.kz.
Мұндай мәліметті «Хабар 24» арнасының экс-директоры Александр Аксютиц жариялаған.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылған. Дегенмен ақпарат ресми расталған жоқ.
«Оның жүрегіне кешенді тексеру жүргізілген. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, ота жасалуы мүмкін», - деп жазды ол Facebook-парақшасында.