Павлодарда көпқабатты үйдің балконында кәуап пісірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Кәуап пісіріп отырған ер адамның видеосы Instagram желісінде жарияланды. Онда бірнеше ер адамның балконда кәуап пісіріп, сыра ішіп отырғаны көрінеді.
Полицейлердің мәліметінше, ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.