KZ RU

Теміртауда жалған антисептиктер сатудың жолы кесілді

Қарағанды облысының емханаларында «Гросфарм» сауда белгісімен жалған «Алкосепт» антисептигі сатылды, деп хабарлайды ELnews.kz araganda-region.gov.kz-қа сілтеме жасап.

 

Теміртау емханаларында қолдан жасалған контрафактілік антисептиктер қойылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бастады.


Қарағанды облысының емханаларында «Гросфарм» сауда белгісімен жалған «Алкосепт» антисептигі сатылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану).


Егер өнім берушілердің кінәсі дәлелденсе, оларға айыппұл және тауарды тәркілеу қаупі төніп тұр.


Контрафактілі өнімді түпнұсқадан бірнеше белгімен ажыратуға болады. Біріншіден, орамаға назар аудару керек: ол ақаусыз, дәл және тығыз жапсырылған заттаңбасы бар болуы керек. Онда міндетті түрде өндірушінің барлық деректері, дайындалған күні және жарамдылық мерзімі болуы тиіс. Барлық ақпарат екі тілде - мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс.


Экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жеке қорғану құралдарының бағаларымен алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, оның ішінде интернет-сауда бақыланады.
 


Пайдалы кеңес