KZ RU

Алматыда 2 жасар бала коронавирус жұқтырды

Бүгінгі коронавирус анықталған үш адамның ішінде 2 жасар қыз  да бар. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Бірінші жағдай – 2018 жылы туған қыз бала. Ол 13 наурыз күні Берлин - Минск – Алматы рейсімен келген. Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.


Екінші жағдай – 1966 жылы туға ер адам. Алматыға Мәскеуден 10 наурыз күні келген.


Үшінші жағдай – 1956 жылы туған ер адам. Ол да Мәскеуден ұшып келген.


Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілді. 


Пайдалы кеңес