KZ RU

Мұғалімдер мектепке бармайды – А.Аймағамбетов

Оқушылар каникулға шыққанда мұғалімдер де мектепке бармай қашықтан жұмыс істеуіне болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус қаупіне байланысты каникул кезінде мұғалімдер де мектепке келмеуіне болатынын мәлімдеді.

  • Балалардың каникулы 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жалғасады. Каникул кезінде мұғалімдер үйлерінде болып, қашықтан жұмыс істеуіне болады. Біз бұл ақпаратты барлық білім беру бөлімдеріне және мектеп директорларына жеткіздік, -деді министр. Оның айтуынша, бұл кезеңде мұғалімдердің жалақысы сақталады.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жетті.


Пайдалы кеңес