KZ RU

Көктемде өтуі тиіс ҰБТ кейінге қалдырылады

Көктемде өтуі тиіс ҰБТ кейінге қалдырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

 

"ҰБТ туралы айтатын болсақ. Сіздер бүгінде ҰБТ жылына төрт рет өтіп жүргенін білесіздер, келесі ҰБТ наурыз айының соңында ақылы түрде өтуі керек болатын. Бірақ біз енді ҰБТ-ны кейінге қалдыра тұруды шештік. Жазда өтетін ҰБТ туралы айтатын болсақ, ол кезге қарай барлығы нақты белгілі болады деп ойлаймыз, яғни елдегі эпидемиологиялық жағдай жайында", - деді министр.


Балабақшалар жұмысын жалғастырады - министр


Оның айтуынша, әзірше оқушылардың оқуын жазға қалдыруға себеп жоқ.


"Біз тек каникул мерзімін 21 наурыздан 16 наурызға ауыстырдық. Жалпы алғанда ештеңе өзгермейді. Эпидемиологиялық жағдай ушығатын болса, қашықтан оқуға көшеміз", -деді Асхат Аймағамбетов.


Еске салайық, мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген еді.


Пайдалы кеңес