KZ RU

Қазақстанда күн жылынады

Қазақстан бойынша температура біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды ELnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

"Орталығы Скандинавияда орналасқан жылы Атлантикалық циклон еліміздің батыс өңірлерінің ауа райын анықтап, әрі қарай шығыс бағытта жылжу арқылы Қазақстанның қалған аумағына да әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын, тұман, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі, сондай-ақ екпінді жел 15-20 м/с жетеді. 14 наурызда республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінде жел 23-28 м/с дейін күшейеді", - деп жазылған хабарламада.




Пайдалы кеңес