KZ RU

Жамбыл облысында үш айлық нәресте мен әйелді көлік қағып өлтірді

4 наурыз күні түнде Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында жол апаты болды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

BMW мінген 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен.


Әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілген нәресте де ауыр жарақаттан қайтыс болды.


Оқиға орнын тексерген мамандар жолдың құрғақ болғанын, көлікте ешқандай ақау шықпағанын анықтады.


Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкоголь ішпеген және қан құрамынан есірткі табылмады. Ұсталған азаматтың айтуынша, апатқа әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Жол үстінде ашуға булыққан жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырғанын мойындап отыр. Алдында келе жатқан көлікті айналып өтуге әрекеттенген ол тізгінге ие бола алмай, жолындағы жүргіншіні қағып кеткен.


Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Өзі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.


Пайдалы кеңес