KZ RU

Тәрбиешінің шипажайда баланы ұрып-соққан видеосы тарады

“Facebook” әлеуметтік желісінде тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан бейне жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Іс-әрекет Ақтөбе облыстық “Чайка” балалар шипажайында болған.


Аталған факті бойынша Алматы ауданының №4 полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Дене жарақаттарының болуы мен ауырлығын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды.



Пайдалы кеңес