KZ RU

Қызылордада жол апатынан үш адам қайтыс болып, бесеуі жарақаттанды

Қызылорда облысында жол- апаты болды. Қайтыс болғандар бар. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
 

4 наурызда сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан.


Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда.


Пайдалы кеңес