KZ RU

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

«Қазгидромет» РМК 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.

- Қазақстанның басым бөлігінде 19-21 маусым аралығында ауа райы жауын-шашынды болады. Бірінен кейін бірі ауысатын циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың көптеген облысында жаңбыр мен найзағай, бұршақ, желдің 15-20 м/с күшеюін, оңтүстікте шаңды дауыл тудырады. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 1-3 градусқа нормадан төмен болады, ал қалған аумақта 3-5 градусқа нормадан жоғары болады, - деп жазылған хабарламада.
Басқа да:

12313

  • 09 шілде, 18:13

Пайдалы кеңес