KZ RU

Самал Еслямова шашын неге ешқашан боямағанын айтты

ELnews.kz - «Айка» фильмінен кейін жұртқа танымал болған қазақ актрисасы – Самал Еслямова өзінің бүгінге дейін шашын бірде бір рет боямағанын айтты. Бұл туралы ол tengrinews.kz сайтындағы «The Эфир» бағдарламасына сұхбат беру барысында жеткізді.

Сұхбат барысында Самал өмірде көп бояна бермейтінін жасырмады.

«Боянбаймын. Көбінесе боянбаймын. Тойларға шықсам кішкене боянамын. Шашымды ешқашан бояп көрмедім. 11-ді бітірер алдында бүкіл қыздар шашымызды бояйық деп шештік. Бірақ, мамам «жоқ боямайсың» деген. Содан кейін бояған жоқпын», - дейді актриса.

Қандай жігіттер ұнайды деген сұраққа Самал «жақсы адам кездессе» деген арманын айтып қалды.

«Студент болған кезде бір жігіт ұнайтын. Сондай жақсы, адамгершілігі мол еді. Сол кезде қыздар айтатын «ой, сенің вкусың онша емес» деп. Мен үшін ол сондай жақсы, өзі сүйкімді болды», дейді ол.

Еске сала кетсек, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде «ұздік актриса» аталымын жеңіп алған болатын. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлде ойнады.

Пайдалы кеңес