KZ RU

Самал Еслямова: Құшақтасып, сүйісетін рөлді ойнай алмас едім

ELnews.kz - 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған қазақстандық Самал Еслямова tengrinews.kz «The Эфир» бағдарламасының қонағы болды. Сұхбат барысында ол өнерге қалай келгені, өзінің қандай рөлдерге жақын екені және жоспарлары туралы айтты.

Самал Еслямова журналист болуды армандағанын еске алды.

«Актриса боламын деп ойлаған жоқпын. Әжем өте жақсы ән айтқан. Әкем өзі домбыра тартады. Әкем менің өнер жолында болғанымды армандайтын. Әпкем сырнайшы. Журналист боламын дегенімде ешкім қарсылық білдірген жоқ. Бірақ сол жылы олар маған биыл театрда курс ашылып жатқанын айтты. Сол кезде папам «осыны көр» деп кеңес берді», - дейді ол.

Жүргізушінің «актриса Самал үшін не маңызды» деген сұрағанына ол «сценарий қызықты, түсінікті болуы керек. Ол кейіпкердің өмірі қандай болса да өзінің мақсаты, арманы бар. Сол қызық. Сол адамға не керек екені маған қызық» деп жауап берді.

«Ал өзімнің жандүниеме алыс адамның рөлі болса, оның іс-әрекетін түсінбейтін болсам, ондай рөлді ойнамас едім. Қазақпыз ғой, құшақтасып, сүйісетін рөлдерді ойнай алмас едім», - деді Самал.

Еске сала кетсек, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн кинофестивалінде «ұздік актриса» аталымын жеңіп алған болатын. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлде ойнады.

Пайдалы кеңес