KZ RU

Қазақстандық ару Сингапурда өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық ару Гүлбану Мадиярова Сингапурда өткен халықаралық Miss Heritage International-2019 сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы “Prince and Princess Kazakhstan” дирекциясы мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 



Әлемдік сұлулық байқауында екі қазақстандық ару бақ сынаған. Олар Гүлбану Мадиярова және Балнұр Әлімқалиева. 


«Жарыста отандасымыз Гүлбану Мадиярованың жолы болып, бағы жанды. Ол әлемдегі сұлулық байқауларының тарихында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық қыз атанды», – деп атап өтті «Prince and Princess Kazakhstan».


Енді Гүлбану Шығыс Азиядағы қайырымдылық жобаларына қатысатын болады. Сонымен қатар қазақстандық қыз Бас жүлдеден бөлек Miss Face of Ambassador Heritage 2019 атағына ие болған. 


"Сіздердің тілектеріңіз үшін көп рахмет. Мен үмітті ақтап, Орталық Азияның сұлулығын жеткізе алғаным үшін бақыттымын. Алғашқы қадамымнан бастап маған қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз. Эмоциямды сөзбен жеткізу мүмкін емес", - дейді Гүлбану Мадиярова. 


17 жастағы Гүлбану Мадиярова Алматыдағы "Қайнар" колледжінде экономист мамандығында оқиды.

Ал 18 жастағы Балнұр Әлімқалиева финалда үздіктер қатарынан табылды. Ол Miss Personality Heritage International 2019 номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қазақстандық ару байқау барысында Best Body номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 




Пайдалы кеңес