KZ RU

Димаш пен Данэлия үшін Twitter-де дауыс беруге болады

Америкадағы The World's Best таланттар байқауы қазылар алқасының қазақстандық мүшесі Гаухар Нұртас өзінің Instagram аккаунтында Қазақстан тұрғындарының Димаш Құдайбергеннің ән айтқанын қашан және қай жерден көруге болатыны, сондай-ақ байқауда ол үшін қалай дауыс бере алатыны жайында жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 

«Сәрсенбі, 6 ақпан, Лос-Анджелес уақытымен сағат 20:00-де The World's Best таланттар байқауының екінші эпизоды басталады. АҚШ-тан тыс елдегі жанкүйерлер, Instagram  және You tube-та менің live көрсетіліміме қосылыңыздар», - деп жазды Гаухар Нұртас.


Бұдан басқа, ол эпизодтың сүйіктісі үшін @theworldsbestcbs-тың Twitter-дегі ресми парақшасында онлайн арқылы дауыс беруге болатынын хабарлады.


Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан бұл байқауға екі орындаушы - Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысып отыр. 1 миллион доллар көлеміндегі сыйақы және «Әлемнің үздігі» атағы үшін әлемнің үздік қатысушылары додаға түседі.


Бұдан бөлек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәліметінше, қазіргі кезде Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та жеке концертін өткізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.


«Қазіргі жобамыз - Димаштың Америкада жеке концертін ұйымдастырып беру. Бірақ біз оның бұрыннан да үлкен шоу болғанын, оның Нью-Йорктың үлкен залында, мүмкін, «Мэдисон-сквер-гарденда» өткенін қалаймыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 



Пайдалы кеңес