KZ RU

Баян Алагөзова «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады

Баян Алагөзова «Қазақ аруы-2019» сұлулық байқауына кастинг жариялады. Бұл туралы танымал продюсер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп xабарлайды ELnews.kz.

  

«Қазақ аруы» байқауының кастингі 2-3 ақпан күндері Алматы қаласы, «Самал» ықшамауданы, Қажымұқан көшесі, 49, «ZMOOD» мейрамxанасында өтеді. Ал 8 ақпан күні Астана қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі 8, «The one hotel Astana» қонақ үйінде сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі», - деп жазды продюсер.


Баян Мақсатқызы байқаудың жалпыға бірдей басты талаптарын да тоқталған.


«Қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, 16-22 жас аралығы, бойы 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде», - деп жазылған.


Еске сала кетсек, «Қазақ аруы» сұлулық байқауы осымен тоғызыншы рет өткізілгелі отыр.


2018 жылы «Қазақ аруы» атағын ақтаулық бойжеткен Нәбира Рахымжан иеленген болатын.


Пайдалы кеңес