KZ RU

Димаш Құдайберген диплом алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін диплом алды, деп хабарлайды ELnews.kz.



Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

- Ахмет Жұбанов атындағы колледжді «Опера әншісі» мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық Өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры - Айман Қожабекқызына және оқытушы - профессорлық ұжымға алғысым шексіз!», - деп ризашылығын білдірді әнші.

Еске сала кетейік, Димаш Қытайдағы «I am a singer» байқауына қатысып, дауысымен күллі әлем жұртын таңғалдырған болатын.

Пайдалы кеңес