KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені тұрмысқа шықты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен жиені, Дариға Назарбаевның қызы Венера тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ELnews.kz.




Бұл туралы желі қолданушылары жазуда.

Венераның жолдасы әйгілі Чайжунусовтар әулетінің баласы Дален Чайжунусов. Ол 22 жаста.

Дален Чайжунусов Алматыда туып-өскен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Венера - 2000 жылғы, студент, қоғаммен байланыс және өнер саласында білім алуда, анасы Дариға Назарбаеваның қайырымдылық іс-шараларына қатысып тұрады.

Куәгерлердің айтуынша, Венера мен Дален екі жылдан бері кездесіп келеді.

Олардың үйлену тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінде өтті. Тойға олардың ең жақын туыстары мен достары қатысты. Сондай-ақ, той қонақтарының арасында қазақ этрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас және Ресей әншісі Филипп Киркоров та болған. Әншілер instagram парақшаларында суреттерімен бөлісті.  

Айта кетейік, Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәли Әлиев Берік Имашевтің қызы Аида Имашеваға үйленген. Кіші ұлы Айсұлтан Назарбаев 2013 жылы бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қызы Алма Боранбаеваға үйленген болатын. 

Пайдалы кеңес