KZ RU

Шымкентте «Бекет батыр» арбаты ашылды

ELnews.kz - Шымкентте Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Бекет батыр» арбаты ресми түрде ашылып, лентасы қиылды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.







«Шымкент – еліміздегі Астана мен Алматыдан кейінгі ең ірі қаланың бірі екені баршаңызға белгілі. Сондай-ақ, Шымкент өз тарихында жасыл қала болып қалыптасқан. Бүгін қаланы одан әрі көгалдандырып, көркін ашатын демалыс орындарының санын арттыру мақсатында «Бекет батыр» арбаты халықтың игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Бүгін міне осындай иігілікті шараның куәсі болып отырмыз. Олай болса жаңа арбат қала тұрғындарының жазда саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орнына айналсын. Баршаңызға сәттілік, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!», – деді Жансейіт Түймебаев.

Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Онда жаңа шамдар ілініп, орындықтар қойылған. Мұндағы 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 2000 шаршы метр жерді аяқ жолдар алып жатыр. Бұдан бөлек, ол жерге 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілді.

Сондай-ақ, облыс әкімі 11, 12 шағын аудандары арқылы ағып өтетін Шымкент каналының маңындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.


Пайдалы кеңес