KZ RU

Қызылордада сатушысыз дүкендер ашылуда

Қызылорданың бірнеше мектебінде сатушысыз дүкен ашылды, деп хабарлайды ELnews.kz  Kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және қалалық білім бөлімінің бастамасы негізінде №3, 101 және 264 мектептерде сатушысы жоқ «Адалдық дүкендері» ашылды.

 

«Адалдық дүкені» алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында ашылған болатын.

 

Алғашында Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті қабырғасынан бой көтерген адалдық бағытындағы нысан енді орта мектептерде де есігін айқара ашуда.

 

Жаңашыл дүниені мектеп оқушылары жылы қабылдауда. Сыр өңіріндегі серпінді жоба өз-өзіне қызмет көрсету жүйесіне негізделген.

 

Мұнда ұстаздар мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауардың ақшасын арнайы жәшікке қалдырады.

 

Дүкенде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Мұнда бейнебақылау камералары, тіпті күзет те жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа бағытталған.  


 

 


Пайдалы кеңес