KZ RU

Қазақ балалары Грекияда математика олимпиадасынан 2 алтын медаль алды

Қазақстанның құрама командасы математикадан халықаралық олимпиадада 3-орын алды. Бұл туралы ҚР БҒМ жанындағы «Дарын» РҒТО баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.
Жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадада (Родос қаласы, Грекия) Қазақстан құрамасы 22 елдің өкілдері арасында Румыния мен Сербиядан кейінгі 3-орын алса, 7 қонақ елдің ішінде 1-орын алды.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медальға ие болды.

Данат Дүйсенбеков (Астана қ. Білім инновация лицейі) пен Нұртас Шынтас (Алматы қ. Білім инновация лицейі) алтын алса, Асылбек Олжабаев (НЗМ, Алматы қ.), Тамерлан Бурамбаев (РФММ, Астана қ.), Тоғжан Шынтай (№165 мамандандырылған лицей, Алматы қ.) күміс медаль иеленді, ал қола Ярослав Топоровқа (РФММ, Алматы қаласы) бұйырды.

Олимпиадаға барлығы 132 жас математик қатысты. Келесі JBMO-2019 олимпиада Кипрда өтеді.






Пайдалы кеңес