KZ RU

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша call-орталық іске қосылды

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша call-орталығын іске қосты, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен«111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желі» ашылды.

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауаптарды алуға болады.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.

Сонымен қатар, қосымша анықтамалық ақпаратты өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

 

Қала,облыс

Байланыс тел.

1)   

Нұр-Сұлтан

8 (7172) 55-68-00, 8 (7172) 55-68-00

2)    

Алматы

8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24, 8 (727) 261-67-24

3)    

Шымкент

8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-71-29

4)    

Ақмола облысы

8 (7162) 29-86-24, 8 (7162) 29-86-27, 8 (7162) 29-86-26, 8 (7162) 29-86-25

5)    

Ақтөбеоблысы

8 (7132) 54-34-97, 8 (7132) 54-34-97

6)    

Алматыобл<span style="font-size: 14.0pt; font-family


Пайдалы кеңес