KZ RU

Қаза тапқан 5 баланың анасы түнгі кезекте болса, әкесі түнде жұмысқа шақырылған

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 5 баланың өрттен қаза табуына байласты оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Астанада түнде болған өрттен қаза болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз. Бес бала, барлығы қыздар. Үлкені 13 жаста, кішісі 3 айда. Түнгі сағат 02:34-те 101 өрт сөндіру қызметіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол жерге Астана қаласы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бірінші бөлімшесінің жеке құрамы жіберілді. Бөлім мен өрт болған орын арасы 4 шақырымды құрайды. Құтқарушылар 7 минутта келіп жеткен. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 2.53-те бес дене табылды. Барлығы балалар. Ата-аналары жұмыста болған», - деді Ильин.


Оның айтуынша, қазір оқиға орнында өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. 


«1984 жылы туған балалардың әкесі теxникалық қызмет көрсету стансасында (СТО) жұмыс  істейді. Кешке жұмыс беруші оны шұғыл жұмысқа шақырып алған. Төтенше жағдай болған кезде балалардың әкесі үйде болмаған. Ал анасы бөлшектеп өлшеуші болып қызмет атқарады. Ол түнгі ауысымда болған. Өрт болған маңда отбасының туыстары тұрады. Туыстары түнгі 2.00-де үйге келіп, ұйықтап жатқан балаларды тексеріп кеткендерін айтты», - деді ІІМ орынбасары. 


Еске сала кетейік, 4 ақпанда түнде Астанада жекеменшік үй өртеніп, бес бала қаза тапты. Өрт болған кезде ата-аналары жұмыста болған.


Пайдалы кеңес