KZ RU

Коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

 

Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.


"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деді Бекшин.


Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.


Пайдалы кеңес