KZ RU

Мүгедек балаларға төленетін жәрдемақы өседі

Нұрсұлтан Назарбаев мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырамын. Біздің есебімізге сәйкес, осының арқасында 100 мың адамның жәрдемақысы өседі. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгені бөліп беруіміз керек», - деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.


Президенттің айтуынша, бүгінде үйде отырып та табыс табуға болады. Сондықтан еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа тарту қажет. 


«Қаржыны үнемдеп, қажет жерге жұмсау қажет. Өткен жылы жергілікті бюджеттердің есебінен 135 миллирд теңге көмек берілді. Осындай көмекті жалғастыру қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.



Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден беруді тапсырды. 


Пайдалы кеңес