KZ RU

Қазақстанда бүгіннен бастап темекі қымбаттады

Бүгіннен бастап Қазақстанда темекі бағасы 20 теңгеге көтеріледі. ҚР Үкіметінің №587 қаулысына сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз сигареттер мен папиростарға шекті бағаны орнатып қана қоймай, оны біртіндеп көтеру жоспарланған, деп xабарлайды ELnews.kz. 

Қаулыға сәйкес, 2018 жылы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 360 теңге болуы шарт.


Айта кетейік, осыған дейін бағасы ең төмен болатын 20 дана фильтрлі-фильтрсіз сигареттер мен папиростардың шекті бағасы 340 теңге болды. 2019 жылы 1 қаңтардан бастап темекі бағасы тағы 380 теңгеге дейін көтеріледі. 


Пайдалы кеңес