KZ RU

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы ролик жарияланды

Америкалық Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жектің жарнамалық ролигін жариялады, деп хабарлайды ELnews.kz.


Бұл видеода Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегінің үзінділері мен баспасөз конференциясындағы сөйлеген сөздер кездеседі.

- Біз істелуі қажет нәрсенің барлығын жасадық, - дейді роликте Альварес.

Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» арасындағы екінші кездесу 5 мамырда өтуі тиіс еді. Бірақ, Альварестің қанынан рұқсат етілмеген препараттар табылып, ол спорттан 6 айға шеттетілді.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы 16 қыркүйекте өтті. Төрешілер жекпе-жекте екі боксшы тең түсті деп баға берген болатын

Пайдалы кеңес