KZ RU

Қыркүйекте Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек қыркүйекте өтетін болды, деп хабарлайды ELnews.kz.

Қарымта кездесу 15 қыркүйек күні Лас Вегаста өтеді. Бұл туралы спортшылардың промоутерлері мәлім етті.

- Жекпе-жек 15 қыркүйекте өтетінін хабарлап отырғаным үшін бақыттымын! «Канело» — GGG II», деп жазды Де ла Хойя Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» арасындағы екінші кездесу 5 мамырда өтуі тиіс еді. Бірақ, Альварестің қанынан рұқсат етілмеген дәрумендер табылып, ол спорттан 6 айға шеттетілді.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы 16 қыркүйекте өтті. Төрешілер жекпе-жекте екі боксшы тең түсті деп баға берген болатын.



Пайдалы кеңес