KZ RU

«Ол өзгерді». Елеусінов Головкин туралы жағымсыз шындықты айтты

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзінің отандасы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы пікірін айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz. 

«Головкин менімен ешқашан сөйлескен емес (кәсіби боксқа ауысуы туралы). Біраз уақыттан бері GGG өзгерді. Ол қолжетімсіз болып кетті. Оның жерлестері, достары, таныстары онымен жүздесе алмай жүр. Адамдар кейде өзгеріп кетеді», - дейді Елеусінов Boxing Monthly берген сұхбатында.


Еске сала кетсек, Елеусінов соңғы жекпе-жегін 6 маусым күні Лондонда (Ұлыбритания) өткізіп, қазылар алқасының бірауызды шешімі бойынша жеңімпаз атанған болатын. Даниярдың келесі кездесуді 4 тамыз күні Кардифте (Уэльс) өтеді. Әзірге оның қарсыласы кім екені белгісіз.


Пайдалы кеңес