Атырауда 3 ауысымдағы мектептерді тарату үшін 20 мектеп салынады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа нысандар 12 184 орынды қамтитын болады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева мәлімдеді. деп хабарлайды ELnews.kz.
Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 3 024 орындық 4 мектеп салынуда (Берекеде – 1200, Нұрсаяда – 900, Жұлдыз – 1 ы.а – 624, Дамба ауылында – 300 орындық).
Мемлекеттік – жекешелік әріп
тестік есебінен әр қайсысы 600 орындық болатын тағы 8 мектеп салу жоспарда бар (Ақжар – 2 ауылы, Ақсай-2 ауылы, Көктем ы.а, Жұлдыз – 2, Бірлік – 2 ауылы, Балауса ы.а, Өрлеу ы.а Тасқала – 2 және Еркінқала – 2 ауылынан).
Қосымша жалпы саны 4 060 орындық 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда (№1 М.Жұмабаев – 160 орын, Самал ы.а – 600, Жаңаталап ауылы – 300, Атырау ауылы – 600, Талғайран ауылы – 900, Жулдыз-3 ы.а – 600, Нұрсая ы.а - 600, Ғ.Мұратбаев атындағы – 300 орын)